Хабарымызды жалғастырамыз. Облыста жыл сайын сан алуан салада үлкен жетістігімен көзге түсіп, өңірлік, республикалық додадаларда жеңіс тұғырынан көрінген жалынды жастарды марапаттау игі дәстүрге айналды. Бұл үрдіс Бейімбет Майлин ауданында да көрініс тапты. Аталған өлкенің дамуына өз үлестерін қосқан кейінгі буынның есімдері «Алтын кітапқа» енді. Және биылғы ерекшелік - Жұмысшы мамандықтар жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Алтын жастар - 2025» номинациясы.