Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Тіршілік нәрін үнемдейтін технологияны енгізу Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ, ел Президенті халықты қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету керектігі туралы тапсырма берген еді. Осы ретте бұл жұмыспен облыс орталығында Қостанай су кәсіпорны айналысады. 250 мың тұрғынға қызмет көрсететін компанияның сумен жабдықтау жобалары жайлы қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды.