Мемлекет дамуы үшін ауылдарды көркейту – басты міндеттердің бірі. Президент өз Жолдауларында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттігін үнемі атап өтеді. Қамысты ауданындағы «Алтынсарино» шаруа қожалығы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында ауыл айтарлықтай өзгерген. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, фельдшерлік-акушерлік пункт сынды жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инфрақұрылым жақсаруда. Қамыстылықтардың да өмір сүру деңгейі жылдан жылға жоғарылап келеді. Кәсіпорын басшылығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсетіп, әлеуметтік саланың дамуына үлес қосуда.