Меңдіқара ауданында еңбек адамдарының еңсесін тіктейтін ерекше мереке өтті. Ауыл шаруашылығы саласының кәсіби мамандарына арналған салтанатты іс-шарада адал еңбегімен көзге түскен озаттар марапат төрінен көрінді. Еңбекқор қауымның ерен ісі құрметке бөленіп, жиын мерейлі сәттерге толы болды.