Биыл облыста 500-ге жуық азамат пен мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы бұзылған. Жүргізілген тексеріс жұмыстары бұл салада мамандарды үстеме жұмысқа тарту, демалыс күндерін дұрыс есептемеу, жалақыны кешіктіру сынды бұзушылықтар бар екенін көрсетті. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтегі бақылау күшейіп, тиісті шаралар қабылданды.