Қазақта атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрлері көп. Солардың бірі - ат спорты. Қостанай облысында соңғы жылдары ұлттық спорттың осы түрі дамып келеді. Бұл туралы «Ат спорты федерациясының» қорытынды конференциясында айтылды. Жиында жыл бойы атқарылған жұмыстар талқыланып, жетістіктер мен алдағы жоспарлар сараланды. Басқосуға республикалық федерация өкілдері, аудан делегациялары және ат спортының жанашырлары қатысты.