Денисов ауданындағы Фрунзе ауылының кішкентай тұрғындары үшін керемет жаңалық! Сан жылдар бойы қаңырап бос тұрған ғимарат қайта жөндеуден өтіп, «Балапан» бөбекжайы заманауи қалыпқа келтіріліп, есігін айқара ашты. Жоба құны 440 млн теңге. Жаңа әрі жайлы екі қабаттан тұратын балабақша 65 бүлдіршінге арналған. Ауыл халқы көптен күткен қуанышқа облыс әкімі арнайы барып ортақтасты