Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды Мемлекет басшысының өзі басты назарға алып отыр. Оларға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Қостанайдағы «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі осы ретте көптеген жобаларды іске асырып келеді. Солардың бірі - «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Орталық қызметкерлері ерекше күтімді қажет ететін жандарға психологиялық көмек көрсетіп, әр салада кеңес беруге дайын.