Бұқаралық спортты дамыту – Мемлекет басшысы ұсынған ұлттық саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда Қостанай қаласында атқарылған жұмыстар ауқымды. Қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл қорытындысы қала әкімдігінің кеңейтілген отырысында талқыланды.