Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай облыстық департаментінің басшысы 2025 жылғы жұмыс нәтижелерін баяндады. Оның айтуынша, ведомство түрлі саладағы бәсекелестік ортаны жақсартып, монополияға жол бермеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.