Қостанайға биыл қар кеш жауғанымен, қыс қаһарына бір-ақ күнде мінді. Синоптиктер алдағы тәуліктерде де қолайсыз ауа райына байланысты болжам жасады. Сынап бағанасы күндіз 20-25, түнде жекелеген аудандарда 30 градусқа дейін жетеді деп болжап отыр. Осыған орай барлық күш-құрылымдары күшейтілген кестеге көшірілді.