Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың шектен тыс қарыздану мәселесін көтеріп, қаржылық сауаттылықты арттырудың маңызын айтқан еді. Президент тапсырмасы бойынша «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Бұл жоба үш жылдан бері халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз етіп келеді. Нәтижесінде биыл 860 мыңға жуық ел азаматы оқудан өтіп, оларға кәсіби көмек көрсетілді.