Мемлекет басшысының «Құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында» берген тапсырмасына сәйкес, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту ісі өңірде қарқын алып келеді. Бүгінде облыста 2 мыңнан астам сотталған азамат бар. Солардың ішінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтар да еңбекке тартылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың бір көрінісі – №38 мекемеде ашылған екі жаңа өндірістік ангар.