Биыл облыста қоқыстың тек 27,6 пайызы ғана өңделген. Бұл туралы табиғи ресурстар басқармасының өкілдері мәлімдеді. Экологиялық ахуал алаңдатып тұрған шақта қалдықты қайта өңдеу маңызды іс. Аймақ төңірегінде осыны бизнеске айналдырған 13 жеке компания жұмыс істейді. Олар қайта өңделген дайын өнімнің 16-дан астам түрін шығарады. Кәсіпорындардың бірінің жұмысымен тілшіміз танысып қайтты.