Интернет-алаяқтардан қорғану үшін, дер кезінде полицияға хабар беру үшін алдымен ғаламтор ғаламат болуы керек. Бейімбет Майлин ауданына қарасты Әйет ауылында енді бұл қызмет түрі бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Бұл, елді мекен өңірде алғаш болып толықтай сапалы интернетпен қамтамасыз етілді. Енді ауылдағы әр отбасы жаһандық желіге еркін қол жеткізе алады. Облыстық цифрландыру басқармасы мен сала мамандары бірлесіп, алдағы уақытта барлық аудан орталықтары мен елді мекендерге желілік-оптикалық байланыс тартуды жоспарлап отыр