Қостанайда мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастырумен өңірлік сессия өтті. Онда білім саласындағы академиялық адалдық мәселесі талқыланып, оқу процесіндегі әділеттілікті ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Келелі жиын бұл жолы да университет, колледж пен мектеп басшыларының, сондай-ақ, сала сарапшыларының басын қосты.