Қала тұрғындары түйткілді мәселелерді шешуді талап етеді. Айкөмек-109 орталығына келіп түскен шағымдардың дені ай сайын қайталанатын түйткілдер. Әсіресе, қоқыс алаңдарының уақытылы тазаланбауы, ашық жатқан құдық қақпақтары мен коммуналдық қызметтердің баяу жұмысы тұрғындардың наразылығын тудырған. Әкімдікте өткен жиында, мәселелер бақылауға алынып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.