Биыл Қарасу ауданында 1 млн 200 мың тоннаға жуық астық жиналып, ысырапсыз қамбаға құйылды. Бұл соңғы бірнеше жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Жергілікті диқандар бір гектар алқаптан шамамен 18,2 центнер өнім алған. Күзгі жиын-терімнің сәтті аяқталуы – қарапайым шаруалардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Қарасулықтар биыл да ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнін кең көлемде атап өтті.