Көппәтерлі үйлер қалай басқарылады? Қыркүйекте күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер еліміздегі көп қабатты үйлерді басқару жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталды. Бұл өзгерістер тұрғындардың құқығын күшейтіп, үйдің әрбір теңгесі қайда жұмсалып жатқанын ашық көрсетуге, ал басқаруға жауапты тұлғалардың міндетін нақтылауға мүмкіндік бермек.