Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына Астана мен Алматы қалаларынан мамандар келді. Олар атыс қаруындағы өшірілген сәйкестендіру нөмірлерін қалпына келтіруге арналған заманауи бағдарламалық-аппараттық кешенді әкелді. Жедел-криминалистикалық басқарма бастығының міндетін атқарушы Людмила Гарашова мұндай жоғары дәлдіктегі жабдықты енгізу қызметкерлердің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетінін және жүргізілетін криминалистикалық зерттеулердің сапасын арттыратынын атап өтті.