Денисов ауданында осы жылы әлеуметтік маңызы бар бастамалардың жүзеге асырылуы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан экономикасының негізін аграрлық сектор құрайды. Биыл оның жалпы өндіріс көлемі 39,8 млрд теңгеге жетті. Егіс алқаптары ұлғайып, әр гектардан алынатын өнім көлемі артқан. Мал шаруашылығы да өсім көрсетіп, ет, сүт және жұмыртқа өнімдері бойынша жоспарлар толық орындалды. Бұл көрсеткіштер ауылдың тұрақты дамуға бағыт алғанын көрсетеді.