Сусап жатқан сары даланы гүлдендіріп, құнарлы егінге айналдыру нағыз диқанның қолынан келетін іс. Алтынсарин ауданының сайын даласы бүгінде жайқалған егінмен көмкеріліп, маңдай термен келген молшылықтың белгісіндей жарқырайды. Бұл жарты ғасырдан астам уақыт бойы тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ауыл еңбеккерлерінің айрықша жетістігі. Осы ретте аудан әкімі Арнұр Сартов ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен белсенді қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттады