Жітіқарада 2025 жылы өнім өндіру айтарлықтай өскен. Оң динамикаға бірқатар жобалардың серпінді іске асуы ықпал етіп отыр. Бұнда экономикаға тірек болар - индустриялды сектор бойынша да мәліметтер мақтанарлық. Бұл туралы Республика күніне арналған салтанатты жиында айтылды. Ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.