Қостанай облысында биыл маусым айынан бастап «Өрлеу» атты жаңа мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Ол кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бизнес иелері жаңа жобалар әзірлеп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жылдық 12,6 пайызбен жеңілдетілген несие ала алады. Толығырақ тілші тарқатсын.