Ұзынкөл биылғы жылды толайым табыстармен аяқтағалы отыр. Ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты. Ішкі өнім көлемі артып, инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асырылуда. «Таза Қазақстан» жобасы аясында қолға алынған істер де ауқымды. Нәтижесінде, «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі аула» байқауында жеңіс дәл осы ауданға бұйырды. Республика күніне орай өткен салтанатты жиында жеңімпаздар марапатталды.