Стартап жобалары байқауына қатысу үшін еліміздің 20 жоғары оқу орнынан 60-тан астам өтінім түсті. Алайда финалға ең мықты, ең батыл әрі креативті 16 команда ғана жолдама алды. Бірнеше күн ішінде қатысушылар өздерінің ерекше технологиялық шешімдерін ұсынды. Бұл шара нағыз таланттар идеяларының шынайы жобаға айналу алаңы болды.