Қостанайда Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар легі өтіп жатыр. Ел бірлігі мен егемендіктің қадірін ұғындырып, қоғам өміріне белсене араласып жүрген қостанайлықтар ұлттық мейрам қарсаңында марапатқа ие болды. Олардың қатарында еріктілер, мәдени және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар бар.