Мемлекет басшысы халыққа Жолдауларында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығының маңызын үнемі айтып келеді. Бүгінде елімізде жастарға арналған 100-ден астам медициналық орталық жұмыс істеп тұр. Олар жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік бастама аясында құрылған. Солардың бірі - «Жастар Мед» орталығы. Қазіргі таңда мамандар 10-нан 29 жасқа дейінгі кіші буын өкілдеріне тегін медициналық - психологиялық көмек ұсынады.