Республика күні - еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, бірлік пен елдік мұратты дәріптейтін ерекше мереке. Осы атаулы күн қарсаңында Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайында «Отаным менің - Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындары елмен бірге қуанышқа бөленді.