Қазіргі таңда елімізде жұмысшы және инженерлік мамандықтарды қолдауға айрықша мән беріліп отыр. Себебі өндіріс орындары мен зауыттарға білікті кадрлар қажет. Сол себепті жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындар арасындағы серіктестік – заман талабы. Осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің машина жасау факультетінде «Allur Жоғары инженерлік мектебі» оқу кеңістігінің салтанатты ашылуы өтті.