Қазіргі цифрлы дәуірде әлеуметтік желінің ықпалы зор. Ол арқылы әпсәтте қаралым жинап, танымал болып кетуге болады. Тіпті оған өзіміз де куә болып жүрміз. Бірі күнделікті өмірін түсірсе, енді бірі сабақ өту әдістерімен бөліседі. Ал, келесі бір топ ән шырқау арқылы өз көрерменін жинайды. Сондай танымалдыққа ие болғандардың бірі Ердібек есімді сарбаз. Ол әскерде жүріп, ән айтып, инстаграм жұлдызына айналды. Бұл қалай болды? Сарбаз қандай ән шырқады? Тілші тарқатсын.