Республика күні қарсаңында Тобыл қаласының аумағында 450 заманауи пәтер пайдалануға берілді. Мердігерлер бір жылдың ішінде 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысын аяқтады. Бұл баспана мыңға жуық тұрғынға арналған. Жақын арада үй иелері қоныс тойын тойламақ. Аймақ басшысы құрылыс қарқынымен танысып, жаңа аудандардың өңір келбетін жаңартудағы маңызын атап өтті.