Ғаламтордың ғаламаты мен кесапаты. Интернет – алаяқтар айылын жияр емес. Киберқылмыскерлер күн сайын бөтеннің қалтасына қолдарын тереңірек сұғып, мол олжаға қол жеткізудің жаңа тәсілдерін ойлап шығаруда. Қостанайда 9 айда 781 адам алаяқтарға алданып қалған. Келтірілген залал 1 жарым миллиард теңгеден асады.