Тәуелсіздік жылдары белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт бүгінде өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Еліміздің мемлекет болып қалыптасу жолындағы тарихи әрі батыл қадамы саналатын ұлттық мереке қарсаңында аға буын мен жастар дөңгелек стөлде бас қосты. Қайта жаңғырып, халқымыздың рухын биіктетіп, елдігімізді нығайтатын Республика күні туралы әңгіме өрбітті.