Республика күні қарсаңында Қостанайда қос саябақ халық игілігіне пайдалануға берілді. Айналасы абаттандырылып, шамдар орнатылып, серуендейтін жол төселген демалыс алаңы тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті орнына айналмақ. Ашылу салтанатына өңір басшысы қатысып, облыс орталығында бос жатқан тағы бірқатар жерлер осындай саябаққа айналатынын айтты.