Республика күніне арналған мерекелік іс-шара Бейімбет Майлин ауданында да өтті. Әйет ән құшағына бөленіп, ауыл сахнасында шырқалған ұлттық ән мен би, терме мен күй ел рухын асқақтатты. Елім деп еңбек еткен жандар да ескерусіз қалмады. Оларға құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды. Көрермен көңілі шалқып, мерекенің сәні мен мәні жарасқан кеш жайлы толығырақ тілші тарқатсын.