Еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күн қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы. Ел Президенті біздің барлық жетістігіміз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтан бастау алатынын айтқан болатын. Бұл – ұйысқан ұлт, мықты мемлекет болудың басты кепілі. Елімізде жан-жақты жүзеге асырылып жатқан реформалар ең алдымен, халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің арқасы. Себебі, біз таңдаған жол - өркендеу мен даму жолы. Бүгінде оның жемісін барша азаматтарымыз көруде. Республика күніне орай Қостанайда өткен салтанатты іс-шарада сөз сөйлегендердің ортақ ойы осыған саяды. Жиында танымал өнер жұлдыздарының қатысумен концерт ұйымдастырылып, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.