Хабарымызды жалғастырамыз. Қостанай облысында күзгі жиын-терім науқаны аяқталып та қалды. Егіс алқаптарының 97 пайызы орылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мәлімдеді. Бүгінге дейін дән сіңірілген 4,1 млн гектар жердің 3 млн 960 мыңы жиылған. Ал, орташа өнімділік гектарына 16,9 центнер.