Жітіқарада Кеңес Одағының Батыры Егор Хачинді еске алуға арналған 54-ші республикалық турнир өтті. Бұл дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық спортшы қатысып, бозкілемде өзара мықтыны анықтады. Спортты серік еткен жас балуандар үшін бұл жарыс — үлкен мектеп, ал жеңіс жолындағы әр белдесу — төзім мен табандылықтың сынағы болмақ.