Қостанайлық студент Ақтау қаласында өткен Turkiс Skills кәсіби шеберлік чемпионатында жеңімпаз атанды. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан секілді 7 елдің өкілдері қатысты. Чемпионат 10 түрлі құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда: автокөлік жөндеу, шаштараз ісі, сән дизайнері, дәнекерлеу, IT саласының 3 бағыты және электрмонтаж жұмыстары.