Қостанайда KIA Qazaqstan автомобиль зауыты іске қосылды. Ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыратын өндіріс орны жылына 70 мың автокөлік шығаруға қауқарлы. Мемлекет басшысы жаңа нысанды телекөпір арқылы ресми ашып, іс-шараға қатысушыларды құттықтады. Жаңа зауыт Kia Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес іске қосылып отыр.