Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 55% пайызы – Қостанай қаласының үлесінде. Жергілікті кәсіпорындар соңғы 9 айдың ішінде 1 трлн 335 млрд теңгенін тауарын шығарған. Биыл шаһарда инвестициялық жобалардың әлеуеті де жоғары. Барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Наталья Тұрлыбекова мәлім етті.