Ассамблея ортақ мүддені талқылайтын диалог алаңы ғана емес, бүгінде достықтың жаршысы. Институт құрылған күннен бері қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісімнің діңгегіне айналды. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толды. Қоғамдық келісім үйінде әр ұлттың салт-дәстүрлерін ұмытпай, түрлі іс-шаралар өткізулеріне мүмкіндік мол.