Мектептердегі буллинг – күрделі тақырып, бірақ бұл туралы енді үндемеуге болмайды. Оқушылар өз уайымдарын жасырмай, керісінше ашық айтуы керек. Сол үшін білім ошақтарында QR-код жүйесі енгізілді. Тек телефон камерасын бағыттасаңыз жеткілікті. Оқушы өз жағдайын анонимді түрде бөлісіп, психологтың кеңесін алып немесе бірден көмек сұрай алады.