Облыста күзгі орақ науқанының 35 пайыздан астамы аяқталды. Орташа түсім — гектарына 12,5 центнер. Қазіргі таңда кейбір алқаптарда жауын-шашын салдарынан комбайндар жұмысты уақытша тоқтатты. Дегенмен, оңтүстік өңірлерде күзгі жиын-терім жалғасуда. Кейбір шаруашылықтар егіннің жартысынан көбін жинап үлгерген.