Қостанайда 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті. Бозкілемге Қазақстанның алты өңірінен және көршілес Ресейден 200-ге жуық спортшы шықты. Сайыс жеңімпаз атанғандар алдағы уақытта 15 жасқа дейінгі ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге жолдама алмақ.