Облыстық ауруханада елордалық жетекші урологтардың қатысуымен медициналық форум ұйымдастырылды. Іс-шара аясында білікті мамандар заманауи урология саласындағы озық әдіс-тәсілдермен бөлісті. Тікелей эфирде өткен тәжірибе алмасу семинары жергілікті жас дәрігерлерге тың технологияны пайдаланудың тиімді тұстарын ұсынды.