Қостанайда іскер әйелдердің кезекті форумы өтті. «Re.woman» қауымдастығы бастап, «Республика» партиясы қостаған іс-шара түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандыларды қолдауға бағытталған. Қазіргі заманда қыз-келіншектер қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. «Адал азамат» идеясын алдыға тартқан форум аясында бизнес кездесуден бөлек, сән көрсетілімі ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына арнайы көрме де ұсынылды.