«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» қанаты жанынан құрылған облыстық кеңестің кезекті отырысында ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы жастарға қатысты мәселені үнемі назарда ұстайды. Жуырда жарияланған құжатта да кейінгі толқын өкілдеріне тиісті қолдау көрсетуді міндеттеді. Осы орайда оларды тұрақты еңбекпен қамту сонымен қатар «Заң мен тәртіп» жобасы аясында тәрбиелеу тақырыбын тілге тиек етті.