Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында елге қомақты инвестиция тарту қажеттігін айтты. Ол үшін ірі кәсіпкерліктен бөлек, шағын және орта инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қостанайда шағын және орта кәсіпкерлік саласы белсенді дамып келеді. Соңғы жылдары өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің қатары айтарлықтай өскен. Демек, жеке кәсіппен айналысқысы келетін азаматтарға жағдай жасалуда. Бұл - экономиканың тұрақтылығын сақтаудың бір жолы.